Батыс Қытай – Батыс Еуропа тасжолында PetroRetail-дің

Батыс Қытай – Батыс Еуропа тасжолында PetroRetail-дің

Новости

Батыс Қытай – Батыс Еуропа тасжолында PetroRetail-дің

Батыс Қытай – Батыс Еуропа тасжолында PetroRetail-дің

Батыс Қытай – Батыс Еуропа тасжолында PetroRetail-дің QAZAQ OIL брендті жанармай станциялары пайда болады
«PetroRetail» ЖШС-ның жанармай станциялары «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық автомобиль дәлізінің қазақстандық бөлігінде инфрақұрылымның дамуына түрткі болады.
28 желтоқсан күні «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тасжолының Түркістан облысындағы бөлігінде QAZAQ OIL брендімен жаңа жанармай станциясы ашылды.  
Стратегиялық маңызға ие жолдың бойында орын тепкен станциямен бірге дүкен, фуд-корт, кеңейтілген паркинг, жүк көлік жүргізушілеріне арналған  кір жуу және жуыну бөлмелері де жұмыс істейді.
Енді осындай аялдамалардың тағы бесеуін салу көзделіп отыр. Олар:
1. Ақтөбе облысының Жайсаң ауылында
2. Қызылорда облысының Бірқазан ауылында
3. Түркістан облысының Екпінді ауылында
4. Жамбыл облысының Көкбастау ауылында
5. Қызылорда облысының Арал қаласында (Самара-Шымкент тасжолы)
6. Қызылорда облысының Жосалы кентінде бой көтереді.
«Аталмыш заманауи әрі стратегиялық маңызға ие тасжолда жаңа жанармай станцияларын іске қосу арқылы QAZAQ OIL станцияларын сапа мен сервисі қатар дамыған бренд ретінде танытуға болады», - дейді компания мамандары.
Еске салсақ, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап «ҚазМұнайГаз» брендімен танымал жанармай станциялары «PetroRetail»-дің басқару меншігіне өткен болатын. Қазір бұл компанияның илегініде 334 жанармай станциясы бар. Содан бері компания үздік бизнес-тәжірибелерді қолдана отырып, табысты бренд қалыптастыруға күш салып келеді. «ҚМГ» компаниясы өзінің 100% үлесін «ҚМГ-Retail» компаниясына сатқанын айта кету керек. Осылайша «ҚазМұнайГаз» брендті республикалық жанармай станцияларының желісі меншік иесін ауыстырған болатын.
2020 жылдың аяғына дейін РetroRetail 26 «QAZAQ OIL» брендті  жанармай станциясын, ал 2021 жылы Қазақстан өңірлерінде тағы 107 жанармай станциясын салмақ.

31.12.2020
0
К списку новостей