PetroRetail QAZAQ OIL брендімен жаңартылған

PetroRetail QAZAQ OIL брендімен жаңартылған

Новости

PetroRetail QAZAQ OIL брендімен жаңартылған

PetroRetail QAZAQ OIL брендімен жаңартылған жанар-жағармай құю станцияларының желісін іске қосады

Жаңа кәсіпорынның негізінде техникалық тұрғыда жүз пайыз жаңғыртылған және ребрендингтен өткен «Қазмұнайгаз» ЖЖҚС тұр.
Екі жаңа QAZAQ OIL ЖЖКС 2020 жылдың 18 қарашасында Нұр-Сұлтан мен Көкшетауда ашылды. Ребрендинг деген атауды ауыстыруды ғана емес, сондай-ақ резервуарлық парктің, құбыр желілерінің, отын таратушы бағандардың, асфальт бетонды жабындының, ақпараттық стеллалардың толыққанды жаңартылуын, оператордың жаңғыртылуын, фриз бен сауда құрылғыларының ауыстырылуын білдіреді. Сонымен қатар ҚМГ-Retai клиенттерге қызмет көрсетудің заманға сай стандарттарын (кафетерийлерді қосқанда), жаңа тауарлы ассортименттерді және оның таныстырылымын енгізеді.
            Бір кезде «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС-ға («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бас компаниясы акционерлерінің шешімі бойынша осы жылдың 6 мамырында жойылған) тиесілі болған ЖЖҚС желілерінің жаңа меншік иесі өз жұмысын жаңа және үздік бизнес-тәжірибелерге сай жүргізетін табысты бренд құру міндетін алға қояды.
«Біз QAZAQ OIL брендін дамытқанды жөн деп шештік, себебі QAZAQ атауымен тек үздік тауарлар мен қызметтер көрсетілуі керек деп есептейміз. Атаудың өзі бізге осы аманатты міндеттейді. Міне, сондықтан біздің нөмір бірінші басымдығымыз – өнімнің сапасы. Қолайлы бағамен, қызмет көрсетудің жоғары стандартымен және ыңғайлы локациямен үйлесетін сапаға деген қатаң бақылау QAZAQ OIL брендін біздің клиенттер үшін тартымды етуі керек», – деді компанияның өкілі.
Оның айтуынша, QAZAQ OIL бренді жаһандық халықаралық нарықта Қазақстанның ұлттық сәйкестендіру ісіне қызмет етіп, бүкіл әлемге Румыниядағы Rompetrol, Ресейдегі Rosneft, Қытайдағы PetroChina және Ұлбританиядағы British Petroleum секілді  танымал болады.
ЖЖҚС-тың бұрынғы брендімен жүргізілген жұмысы клиенттердің тарапынан сөгіс алғанын түйсіне отырып, компания басшылығы әйтсе де тұтынушылардың назарын мұның тіпті отын дағдарысы кезеңінде де ЖЖМ-ның таусылып қалмаған ауқымды желі екеніне аударады.  
«Бұрын «Қазмұнайгаз» атауын иеленген жанар-жағармай құю станцияларының бүгінде атаулары бір ұлттық компанияларға ешқандай қатысы жоқ. Сонымен бірге осы ЖЖҚС-тармен байланысты жақсы үрдістердің бәрін сақтап қалғымыз келеді. Ең бірінші кезекте бұл – елдегі ең ірі және географиялық тұрғыда ең кең таралған ұлттық брендті ұғыну. Таяу жылдары біздің қалған станцияларымыздың бәрі де стандарттары ең жоғары QAZAQ OIL жаңа брендіне ауысуы үшін қолымыздан келгеннің бәрін істейміз. Жаңа брендті біздің клиенттер қолдап, мақұлдар деген үміттеміз. Өз тарапымыздан бұл үшін бәрін жасауға әзірміз», – дейді PetroRetail өкілі.
PetroRetail 2020 жылдың соңына дейін Қазақстанның барлық аймағында «QAZAQ OIL»-дің 26 ЖЖҚС-ын және 2021 жылы 107 ЖЖҚС-ын ашуды жоспарлап отыр.

0
К списку новостей